«Тұз терапиясы» психологиялық қолдау тренингі
Қызылорда жоғары медициналық колледжі жатақханасында студенттер арасында «Тұз терапиясы» атты психологиялық қолдау тренингі өткізілді. Іс-шараны С.А. Ералиева және психолог А.Б. Бохаева ұйымдастырды.
Тренингтің мақсаты – студенттердің эмоционалды жағдайын жақсарту, ішкі шиеленісті азайту және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Шара барысында қатысушылар психологиялық жаттығулар орындап, тұз арқылы сурет салу әдісімен танысты.
Бұл әдіс:
ұсақ моториканы дамытуға
ішкі күйзелісті азайтуға
шығармашылықты ынталандыруға
эмоционалды тұрақтылықты қалыптастыруға көмектеседі.
Студенттер тренингке белсенді қатысып, өздерінің шығармашылық қиялдарын көрсетіп, жағымды әсер алды.









