Жалпы кәсіптік пәндер–2 апталығы аясында
Бүгін «Мейіргер ісі» бөлімінің 5-тобымен оқытушы Ақбаева Айдана Талғатқызының ұйымдастыруымен қазақ медицинасының негізін қалаушылардың бірі, көрнекті ғалым әрі қоғам қайраткері Санжар Сейітжафарұлы Асфендияровқа арналған «Ғылым үшін жанған шамшырақ» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шара барысында студенттер ұлт мақтанышына айналған тұлғаның өмір жолы, ғылыми еңбектері және қазақ медицинасы мен мәдени-ағартушылық саласының дамуына қосқан зор үлесі туралы ой бөлісті.
Дөңгелек үстел студенттердің танымын кеңейтіп, тарихи тұлғалардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелейтін мазмұнды кездесу болды.









