Халықаралық ынтымақтастық – медициналық білім берудің жаңа мүмкіндіктері
![]()
Қызылорда медициналық жоғары колледжінің директоры Жанар Қалмақова 2026 жылғы 25–28 наурыз аралығында Беларусь Республикасындағы «Академик И.П. Антонов атындағы Витебск мемлекеттік медициналық колледжі» білім беру мекемесіне іс-сапармен барды.
Сапар барысында «Заманауи медицина және фармация: дәстүрлер, инновациялар, перспективалар» атты академик И.П. Антоновты еске алуға арналған III республикалық (халықаралық қатысумен) ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, пленарлық отырыста баяндама жасап, секция жұмыстарына қазылық етті.
Сонымен қатар, Витебск медициналық колледжінің директоры Орлова Е.А., Қызылорда колледжінің директоры Қалмақова Ж.А., оқытушылар мен студенттердің қатысуымен диалог алаңы ұйымдастырылды. Кездесу барысында орта арнаулы медициналық (фармацевтикалық) білім беруді дамыту және өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.
Қонақтарға колледж және оның тарих музейі таныстырылып, «Витебск мемлекеттік ордені Достық халықтар медициналық университеті» базасындағы тәжірибелік дағдылар зертханасы мен симуляциялық орталықтың жұмысы көрсетілді.
Екі оқу орны арасында өзара ынтымақтастықты дамыту мақсатында бірқатар маңызды келісімдерге қол жеткізілді.
Атап айтқанда, тараптар академиялық ұтқырлықты дамыту, білім алушылар мен оқытушылар алмасу, сондай-ақ интеграцияланған онлайн сабақтар мен бірлескен мастер-кластар ұйымдастыру бойынша келісімге келді.
Бұл кездесу білім беру ұйымдары арасындағы тиімді серіктестікті дамытудағы маңызды қадам болмақ.













