Құқықтық сауаттылық – заман талабы
Бүгін колледжімізде білім алушыларға арналған құқықтық сауаттылық тақырыбында мазмұнды кездесу өтті.
Кездесуге Амангельды Қалыбек — МҚТУ докторанты, «Әділдік Жолы» ҚБ Түркістан облысы бойынша экс-жетекшісі және Ерасыл Төлебаев — ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының және Ұлттық корпоративтік басқару академиясының лекторы, «Право Выбора» ҚБ директоры арнайы қонақ ретінде қатысты.
Дәріс барысында студенттерге адам құқықтарының негіздері, азаматтық белсенділік, жергілікті өзін-өзі басқару және жастардың саясатқа қатысуы туралы жан-жақты ақпарат берілді. Спикерлер жастарды өз құқықтарын білуге, азаматтық белсенді болуға және қоғамдық өмірге белсене араласуға шақырды.
Кездесу соңында студенттермен кері байланыс жүргізіліп, белсенділік танытқан жастарға арнайы сыйлықтар табысталды.












