Қарттарға қамқорлық – мейірім мен кәсібиліктің көрінісі
«Мейіргерлік технологиялар» пәні бойынша емдеу ісі 94-топ білім алушылары пән мұғалімі Жумашева Светлана Абаевнаның жетекшілігімен Қызылорда қаласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында клиникалық сабақтарын өткізді.
Практика барысында студенттер пациентке күтім жасаудың негізгі қағидаларын, санитариялық-гигиеналық талаптарды, алғашқы медициналық көмекті және кәсіби этика нормаларын тәжірибе жүзінде меңгерді. Егде жастағы адамдармен жұмыс жасау болашақ мамандардан жауапкершілік, сабырлылық пен мейірімділікті талап етеді. Осындай тәжірибе білім алушылардың кәсіби дағдыларымен қатар, коммуникативтік және психологиялық қабілеттерін де дамытады.
Қарт жандарға жылы сөз айтып, моральдық қолдау көрсету арқылы студенттер деонтология және медициналық этика қағидаларын іс жүзінде үйренді.
Білім алушыларымызға тәжірибе жинақтауға мүмкіндік жасап, қолдау көрсеткені үшін Қызылорда қаласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының директоры Раушан Жәдігерқызы Ысқақоваға және аға мейіргер Ералиева Баян апайымызға алғысымызды білдіреміз!











