Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне орай Қызылорда медициналық жоғары колледжінің «Емдеу ісі» бөлімінде 52, 62 топ жетекшісі Әлиакбар Қамарсұлу Махмұтқызының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» атты топ сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында білім алушыларға Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның тәуелсіздігіміз бен егемендігіміздің, бірлігіміз бен тұтастығымыздың қасиетті нышандары екені түсіндірілді. Рәміздерге құрмет көрсету – Отанға деген сүйіспеншіліктің, елге деген адалдықтың көрінісі екені айтылды.
Баршаңызды Мемлекеттік Рәміздер күнімен құттықтаймыз! Елімізге бейбітшілік пен тұрақтылық, халқымызға амандық пен бақ-береке тілейміз. Көк Туымыз әрдайым биікте желбіреп, Қазақстанымыздың мерейі асқақтай берсін!













