ТӨЛ МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Құрметті әріптестер!
Ардақты сала ардагерлері!
Баршаңызды кәсіби мереке – Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Медицина – үлкен жауапкершілік пен адамгершілікті талап ететін ерекше мамандық. Денсаулық сақтау саласының болашағы білікті, білімді және жанашыр мамандарды даярлаумен тікелей байланысты. Біздің колледж ұжымы заман талабына сай кәсіби құзыреттілігі жоғары, теориялық білімі мен практикалық дағдылары қалыптасқан медицина мамандарын тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіп келеді.
Сіздердің білім мен тәжірибені шәкірттерге үйретудегі табандылықтарыңыздың арқасында көптеген түлектер денсаулық сақтау мекемелерінде абыроймен қызмет атқарып, халық денсаулығын сақтауға өз үлестерін қосуда. Бұл – баршамыз үшін үлкен мақтаныш.
Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі қажырлы еңбектеріңіз, кәсібиліктеріңіз бен адал қызметтеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін.
Сіздерге зор денсаулық, отбасылық амандық, шығармашылық табыс, кәсіби жетістіктер және толағай жеңістер тілеймін. Еңбектеріңіз әрдайым еленіп, мәртебелеріңіз арта берсін!
Медицина қызметкерлері күні құтты болсын!
Құрметпен,
Колледж директоры
Жанар ҚАЛМАҚОВА
Медицина қызметкерлері күніне арналған «Ұлт саулығын ұлықтаған дәрігер» атты салтанатты шарада колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Бақыт Егізбайқызы марапат төрінен көрінді.
Бақыт Егізбайқызы – саналы ғұмырын медицина саласына білікті мамандар даярлауға арнаған тәжірибелі дәрігер, ұлағатты ұстаз. Оның кәсіби шеберлігі мен адал еңбегі, жас мамандарды тәрбиелеудегі өлшеусіз үлесі әрдайым жоғары бағаланып келеді.
Бұл марапат – көп жылғы қажырлы еңбектің, жауапкершілік пен кәсібиліктің жарқын көрінісі.
Әріптесіміз Бақыт Егізбайқызын лайықты марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасылық амандық, еңбегіне толағай табыс және жаңа жетістіктер тілейміз!











