ЖАС МАМАНДАРМЕН КЕЗЕКТІ ӘДІСТЕМЕЛІК ОТЫРЫС ӨТТІ
2026 жылғы 28 қыркүйекте жас мамандармен кезекті әдістемелік отырыс ұйымдастырылды. Отырыстың негізгі мақсаты – жас педагогтерге оқу процесін ұйымдастыруда әдістемелік қолдау көрсету, оқу құжаттарын талапқа сай жүргізу бағытында практикалық көмек беру және кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру.
Отырыс аясында жас мамандарға арналған мини-семинар өткізіліп, білім беру процесінде жүргізілетін негізгі қатаң есептегі құжаттардың түрлері, оларды рәсімдеу және жүргізу талаптары түсіндірілді.
Жас мамандар мектебінің жетекшісі А.Ә. Сейілханова жас оқытушыларға жұмыс оқу бағдарламасының құрылымы, мазмұны мен маңызын, оны әзірлеу барысында ескерілетін негізгі талаптарды жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар оқу сабақ жоспарының құрылымы мен хронологиясына ерекше тоқталып, сабақ кезеңдерін жүйелі жоспарлау, оқу мақсаттары мен оқу нәтижелерін сабақ мазмұнымен өзара байланыстыру бойынша әдістемелік бағыт – бағдар берді.
Отырыс барысында жас мамандар өз пәндері мен модульдерінің ерекшеліктеріне қатысты пікірлерімен бөлісіп, туындаған сұрақтарын ортаға салды. Өзара тәжірибе алмасу мен талқылау арқылы тиімді кері байланыс жүргізілді.
Кездесу соңында жас мамандарға келесі отырысқа арналған тапсырмалар беріліп, оларды орындау және ұсыну форматы нақты түсіндірілді.
Мұндай әдістемелік кездесулер жас педагогтердің кәсіби бейімделуіне, оқу құжаттарын сауатты жүргізуіне, педагогикалық шеберлігін жетілдіруіне және тәжірибе алмасуына мүмкіндік береді.









