СИНТЕТИКА – ЖАСӨСПІРІМДЕР ҮШІН БАСТЫ ҚАУІП!
Жасөспірімдер арасындағы есірткі құмарлық пен оның алдын алу – бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі. Осы орайда, жас ұрпақтың санасын улап жатқан қауіптің алдын алу мақсатында маңызды кездесу өтті!
29 қыркүйек күні Қызылорда медициналық жоғары колледжінде «КДЛ ОЛИМП Орда» мамандарының қолдауымен «Синтетика – жасөспірімдер үшін басты қауіп» тақырыбында ақпараттандыру тренингі ұйымдастырылды.
Шараны «КДЛ ОЛИМП Орда» мекемесінің коммерциялық директорлары Байсугирова Жанат Махамбетқалиқызы мен Жусупова Ая Александровна жетекшілік етіп жүргізді.
Тренингтің басты мақсаты:
Болашақ медицина мамандарына – колледж студенттеріне синтетикалық есірткілердің жас ағзаға тигізер орасан зор зияны, оның психологиялық және физикалық жойқын салдары туралы жан-жақты ақпарат беру. Сонымен қатар, жастарды зиянды әдеттерден аулақ болуға, салауатты өмір салтын ұстануға және құрдастары арасында осы бағытта дұрыс насихат жүргізуге шақыру.












