ENGLISH LANGUAGE DAY
“Welcome to the World of English” ![]()
Қызылорда медициналық жоғары колледжінде өтіп жатқан «Тілдер апталығының» бүгінгі ағылшын тілі күні ерекше көңіл күймен, көтеріңкі атмосферада өтті!
Іс-шарамыздың мақсаты – ағылшын тілінің маңыздылығын насихаттау, тіл үйренуге деген қызығушылықты арттыру және шет тілінде еркін қарым-қатынас жасауға ынталандыру.
Күннің алғашқы сәттерінде ұйымдастырылған «Жанды дәліз» (Living Corridor) аясында ұстаздарымызды ағылшын тілінде жылы лебізбен қарсы алып, ізгі тілектерімізді арнадық.
Интерактивті тақтадағы қызықты сұрақтарға жауап беріп, ағылшын тіліндегі білімімізді сынадық.
Сонымен қатар, арнайы безендірілген фотозонада естелік суреттерге түсіп, ерекше сәттермен бөлістік.
Ағылшын тілі – әлемге ашылған терезе, жаңа мүмкіндіктер мен түрлі мәдениеттерге бастар жол!
Let’s learn English, discover cultures and open new horizons together!









