Category: Жаңалықтар

Сәуір айының 27-і күні Қызылорда медициналық жоғары колледжі кітапханасы оқу залында Төлен Әбдіковтың «Өліара» романына М-103 топ студенттері арасында талдау жасалынды.

Төлен Әбдіковтың “Өліара” романы ел өмірінің тарихи күрделі кезеңіндегі әлеуметтік-саяси, мәдени-рухан ахуалын суреткерлікпен зерделеп, көркем бедерлеген белесті шығарма. Тәрбие сағатының тақырыбымен, негізгі мақсатымен топ жетекші Әлімжанова Айгерім таныстырып шықты. Жалпы Төлен Әбдіковтың өмірбаяны, шығармашылығымен,...

“ҮЗДІК МЕЙІРГЕР-2023” БАЙҚАУЫ ӨТТІ

27 сәуір күні «Мейіргер ісі» мамандығының 3 курс студенттері арасында «Үздік мейіргер – 2023» кәсіби сайысы болды. Кәскби құзіреттіліктері бойынша тәжірибелік дағдысын жоғары дәрежеде көрсеткен төмендегі білім алушылар жеңімпаз болды: ІІІ орын Мамбетова Гүлзат...

ОҚЫТУШЫМЫЗ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК- СЫНЫП ӨТТІ

Бүгін колледжінің 95 жылдығына арналған іс-шаралар шеңберінде «Химияны оқытуда виртуалды зертхананы қолдану және оның тиімділігі» атты республикалық практикалық онлайн шебер сыныбы болды. Шеберлік- сыныпты химия пәнінің оқытушысы, “педагог- зерттеуші” Биболатова Салтанат Нұрәліқызы өткізді. Шеберлік...

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Қазақстан Республикасы медициналық колледжілерінің “Емдеу ісі” мамандығы, 2 курс студенттерінің арасында “Медициналық көмек көрсетудегі қауіпсіздік және сапа” пәнінен өткен республикалық олимпиададан колледжіміздің студенті Ерсайын Азамат Едігеұлы ГРАН ПРИ ДИПЛОМЫН жеңіп алды.

Колледжіміздің абыройын көтерген студентіміздің жетекшісі, мейіргер ісі негіздері пәнінің оқытушысы Айжан Базарғалиқызы. Шәкірті мен ұстазына алдағы уақытта да үлкен шығармашылық табыстар тілейміз!!!

Бүгін колледжімізде Облыстық оқу орталығымен бірлесе отырып “ҰЛАҒАТТЫ ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ БҮГІННЕН БАСТАЛАДЫ” атты облыстық конференция өтті.

Аты айтып тұрғандай қазіргі уақыттағы жасөспірімдер тәрбиесіне ұлттық құндылықтарды сіңіру, этнопедагогикамен тәрбиелеудің мәселелері сөз болды. Конференция мазмұнды тәрбие сағатымен сахналанып, соңында психологиялық энерджайзермен жалғасты. Колледж директоры Салтанат Сейткалиқызы қатысушыларды марапаттап, қатысқандары үшін алғыс білдірді

Қызылорда медициналық жоғары колледжінің «Емдеу ісі – 2» бөлімінің ер балаларына жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында толыққанда кәсіби маман дайындауда түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Аталған іс-шараға Қызылорда полиция капитаны – Р.Ғ.Арынғазиева, полиция аға лейтенанты – Р.Н.Жұмаділдаев колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, бөлім меңгерушілері, колледж психологтары,әлеуметтік педагогтар, топ жетекшілер қатысып ақпараттандырылып, сұрақ жауаппен қорытындыланды.

“Global” пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен колледжішілік “Біз нашақорлыққа қарсымыз” тақырыбында дебат турнирі өткізілді.

Мақсаты: нашақорлықтың алдын алу және оқушылар арасында таралуына жол бермеу, зияны мен зардабын ұғындыру. Спикерлер нашақорлық тақырыбын жан-жақты талдап, жаман әдеттен аулақ болуға шақырды. Дебат турнирі қорытындысы бойынша: 1орын: “Элита” фракциясы 2орын: “Алаш” фракциясы...

Бүгін колледжіміздің 95 жылдық мерейтойы шеңберінде қыздар арасындағы волейболдан турнир өтті. Турнир колледжді 30 жылға жуық басқарған Даутбаева Сара Төлегенқызының рухына арналды.

Аталған шараны ашуға денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ж.Шайымбетов, білім басқармасы басшысының орынбасары Ә.Ізімбетов және қоғам қайраткері А.Божановалар сөз сөйлеп, Сара Төлегенқызы жайлы, оқу орнының бағындырған белестері туралы жылы лебіздерін білдірді. Жарысқа барлығы он...