ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ

Соңғы оқиғалар


ДӘСТҮРЛІ СПАРТАКИАДА ӨТТІ

Қызылорда медициналық колледжі қызметкерлері арасында ұйымдастырылған бөлімаралық дәстүрлі спартакиада өтті. Онда қызметкерлер арқан тарту және волейбол, эстафета жарыстарына командаларымен қатысты. Сайыс тартысты, көңілді әрі ұйымшылдыққа толы болды. Жарысты дене тәрбиесі пәнінің оқытушылары ұйымдастырып, әділ төрешілік жасады. Үш спорт сайысының жалпы командалық есебі бойынша, Емдеу ісі бөлімі — 1-орын Мейіргер ісі…

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКАДАН ӨТТІ

Фармация-45 тобының студенттері Шымкент қаласындағы «SANTO» фармацевтикалық зауытында өндірістік практикадан өтті. Студенттер дәрілік заттарды өндірудің барлық кезеңдерімен танысып, заманауи технологиялық желілер мен GMP талаптарын үйренді. Сонымен қатар, өндірістегі қауіпсіздік ережелері, еңбек тәртібі және сапаны бақылау жүйесінің маңыздылығы туралы құнды мәліметтер алды. Практика студенттердің кәсіби ой-өрісін кеңейтіп, болашақ мамандықтарына деген қызығушылығын…

Бір апталық оқу челленджі өтті

Қызылорда медициналық колледжі кітапханасында «Кітаппен басталған кәсіп – бәсекеге қабілетті» тақырыбында бір апталық оқу челленджі ұйымдастырылды. Челлендждің негізгі мақсаты – жастарды кітап оқуға ынталандыру, оқырмандардың ой-өрісін кеңейту, кәсіпкерлік дағдыларын дамыту және бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптасуына ықпал ету. Оқу челленджіне «Мейіргер ісі» – 40 топ студенттері белсене қатысты. Бір апта…