Соңғы оқиғалар
«Тыныс алу жүйе бұзылысы кезіндегі мейіргерлік күтім» тақырыбында ашық сабақ өтті. Қатысқан топ: Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавр ҚБ-89 топ білім алушылары. Оқытушы: Зейнебай Гүлзира Ермұратқызы. Қолданылған әдістер: «SGL (Smallgrouplearning)» тәсілі, «Quizizz» бағдарламасы, Жасанды интеллект. Білім алушылардан үй тапсырмасын 2 топшаға бөлініп, макет жасау, тыныс алу жүйесі жүйесінің анатомия физиологиясы сұрылды….
Колледж психологтары А.Б. Бохаева мен А.С. Опашева ұйымдастыруымен оқытушылар арасында «Өзіңді таны» психологиялық тренинг өтті. Тренингтің негізгі мақсаты – педагогтердің эмоционалдық күйін тұрақтандыру, кәсіби күйзелістің алдын алу, өзара қолдау мен тиімді қарым-қатынас орнатуға жағдай жасау. Тренинг барысында қатысушылар өзін-өзі тануға, эмоцияларын басқаруға, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға бағытталған жаттығулар орындады. Топтық…
Колледж мұғалімдеріне арналған «Кәсіби шаршаудың алдын алу» тақырыбында колледж психологі А.Б. Бохаева тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты – педагогтердің эмоционалдық күйін тұрақтандыру, кәсіби шаршаудың белгілерін анықтау, стресс деңгейін төмендету және өзін-өзі қолдау дағдыларын дамыту. Іс-шара барысында қатысушылар: кәсіби шаршаудың себептері мен салдарымен танысты; өз эмоцияларын тану және басқару жаттығуларын орындады; релаксациялық…
Бүгін колледжде облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Есенбаев Б.Ш. және тәрбие бөлімінің маманы Іздібай Б.Ж. білім алушылармен кездесті. Кездесудің мақсаты – «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және оның алдын болдырмау бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Өз сөзінде Бекжан Шәкизатұлы еліміздің болашағы жарқын әрі қауіпсіз болуы үшін…














