ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ

Соңғы оқиғалар


Қызылорда медициналық жоғары колледжінде “СТУДЕНТТАР ҚАТАРЫНА ҚАБЫЛДАУ” іс-шарасы өтті.

Жыл сайын дәстүрге айналған мерекелік айтулы шарада оқу орнымыздың басшысы Тасмаганбетова Салтанат Сейтқалиқызы сөз алып, студенттерді осынау тарихи күнмен құттықтады! Қаламыздың 85 жылдық мерейтойы қарсаңында оқу орындар арасында өткен карнавалда Қызылорда медициналық жоғары колледжі жүлделі 1 орынға ие болды. Карнавалға қатысқан белсенді студенттеріміз арнайы алғыс хатпен сонымен қатар, қаржылай сыйақымен…

ЖАС МАМАН МЕКТЕБІ ЖҰМЫС ЖАСАУДА

«Толық алынатын протездерді дайындаудың 1-клиникалық және зертханалық кезеңдері» тақырыбы бойынша колледж жас мамандарына панорамалық сабақ көрсетілді. Сабақ үрдісін жүргізген оқытушы жас маман Абдукаликова Ж.С. сабақтың басын ұйымдастыру кезеңімен басталды. Яғни, аудиторияның және топтың сабаққа дайындығы «жүректен – жүрекке» сергіту сәтімен жалғасты.

Қызылорда облыстық білім басқармасы, облыстық прокуратура, денсаулық сақтау мекеме сала мамандарымен бірлескен жұмыстар, Қызылорда медициналық жоғары колледжінде жалғасын табуда.

“Есірткісіз аймақ” жобасы аясында, “Денсаулық және болашақ” тақырыбында өткізілген кездесу есебі. 27.10.2023 жылы, 1,2курс білім алушылармен кездесу өтті. Кездесуге колледж медбикесі, психологы, валеолог маман қатысып түсіндірме жүргізілді. Кездесу барысында , нашақорлықтың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, өкінішке ұрындырар, келешек өмірлеріне келтірер зияны туралы айтылды. Зиянды әдеттерден аулақ болып, өзін де,…

“Құқық бұзушылық және қылмыс, интернет қауіпсіздігі мен кибербулллинг, лудамания, нашақорлықтың алдын алу, зорлық-зомьылықтың, суцид және ерте жүктіліктің алдын алу” мәселелері бойынша колледж студенттерімен мамандар кездесті.

Облыстық жастар ресурстық орталығының кеңесші маманы Сұлтан Нұрбол Балтабайұлы, Қызылорда ҚПБ ЖПҚб ЮПб учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Артықбаева Еркебала Сапарқызы, Алмурзаева Гүлдана Айтмағанбетовна -Валеолог мамандар мазмұнды әңгімелер өрбітті