ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ

Соңғы оқиғалар


«Есірткі – қоғам дерті»

Қызылорда медициналық жоғары колледжінің оқытушысы Жетпіс Мақсат Ғабибуллаұлының ұйымдастыруымен «Дантист» 29 топ студенттері арасында, «Есірткі – қоғам дерті» тақырыбында топ сағаты өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында есірткі заттарынан бойды аулақ ұстауға шақыру, салауатты өмір салтын ұстануға үндеу. Топ сағаты барысында есірткі заттарының адам ағзасына, психикасына және қоғамға тигізетін…

«Саналы ұрпақ»

2024 жылдың 26 қараша күні Атырау қаласында «Саналы ұрпақ» жастар клубының І-ші Республикалық слеті өтті. Республикамыздың 13 облысынан жас волонтерлар қатысып, өз өңірлерінің тарихы, сондай-ақ оқу орындарындағы «Саналы ұрпақ» волонтерлық клубы жайлы таныстырылым жасады. Слет барысында қатысушылармен психологиялық тренинг өткізіліп, нәтижесінде командалар қайта жасақталып, бекітілген тақырыпта постер жұмыстары қорғалды. Сонымен…

ТҮРКИЯДА ТӘЖІРИБЕ ЖИНАДЫ

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңына сәйкес Қызылорда медициналық жоғары колледжінің 8 оқытушысы Турция мемлекетінің Ыстамбул қаласындағы халықаралық Medicana және Medipol Istanbul клиникаларында тәжірибе жинады. 5 күнге созылған іс-сапарда оқытушылар аталған клиникалардың базаларымен, орта буын…

СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА АКЦИЯ БОЛЫП ӨТТІ

Облыстық жастар денсаулығы орталығының ұйымдастыруымен Қызылорда медициналық жоғары колледжінiң мәжіліс залында «Нашақорлыққа жол жоқ» акциясы болып өтті. Студенттер арасында ұйымдастырылған акцияда орталықтың психолог мамандары тақырып бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, тренинг өткіздi. Шара соңында сурет салу, эссе жазу және сахналық қойылым бойынша өнер көрсеткен студенттер арнайы “Алғыс” хаттармен марапатталды.