Соңғы оқиғалар
2026 жылғы 4 мамыр күні Түркістан қаласында денсаулық сақтау саласы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында өткен республикалық кәсіби шеберлік конкурсында Қызылорда медициналық жоғары колледжінің «Арнайы мейіргер ісі негіздері» пәнінің оқытушысы Жұмағұлова Салтанат Бақытовна жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі — Зейнебай Гүлзира Ермұратқызы. Әріптестерімізді…
Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық фактілерінің артуы қоғамда алаңдаушылық туғызуда. Осыған байланысты облыстық білім басқармасының тапсырмасына сәйкес бүгін колледжімізде білім алушылармен профилактикалық кездесу өтті. Кездесуге учаскелік полиция инспекторы, ҚҚб ЮПб УПИ-ры Романов Батырбек қатысып, жастар арасындағы әлімжеттік, ұрлық, буллинг, интернет-алаяқтық, лудомания, есірткі және уытты заттарды қолдану секілді құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың салдары туралы…
Қызылорда жоғары медициналық колледжінде «Неге осы мамандықты таңдадым?» тақырыбында «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша 1 және 4 курс білім алушылары арасында сауалнама жүргізілді. Зерттеуге жалпы 211 студент қатысты. Сауалнама нәтижесі бойынша білім алушылардың басым бөлігі мейіргер мамандығын: адамдарға көмек көрсету; медицина саласына қызығушылық; қоғамға пайдалы болу мақсатында таңдағандарын атап өтті. Сонымен…
Кеше колледжімізде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті» байқауының колледжішілік кезеңінде үміткерлер анықталды. Байқау ережесіне сәйкес, келесі санаттағы студенттер қатысады: қоғамдық бірлестіктердің мүшелері; студенттік өзін-өзі басқару және еріктілер қозғалысының белсенділері; аймақтық және халықаралық WorldSkills чемпионаттарының, кәсіби шеберлік байқауларының қатысушылары мен жеңімпаздары; ғылыми конференциялар, олимпиадалар…














