ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ

Соңғы оқиғалар


ОҚЫТУШЫЛАРЫМЫЗ ҚАЛА МЕКТЕПТЕРІНЕ КӘСІБИ БАҒДАР ЖҮРГІЗУДЕ

Кеше №176 орта мектепте 9 сынып оқушыларына арналған “Мамандық таңдау – басты бағдарымыз” атты жәрмеңкесіне колледж оқытушылары Саим Ляйля мен Орынбасар Ботакөз қатысып, мектеп окушыларына медициналық мамандықтар бойынша кәсіби бағдар берді.

Сәуір айының 28-і күні Қызылорда медициналық жоғары колледжінің кітапханасы оқу залында «Ақындар жырлаған туған өлке» тақырыбы аясында Ф-45, Д-9 топтар арасында ашық тәрбие сағаты өтті. Іс-шараның мақсаты: ақын-жазушылардың туған жерге, табиғатқа аса ықыласпен жазылған туындыларымен таныстыру.

Әрбір адам өзі туып өскен жерін, табиғатын құрметтеп ерекше қастерлеу керек. Топ студенттері ақындардың туған жер туралы жырларын мәнеріне келтіріп, аса ықыласпен оқыды. Қызылорда өлкесі – жырға бай. Қазақ өлеңіне үлкен үлес қосқан талай тарлан таланттар шыққан жер бұл. Студенттердің белсенділігімен іс-шара өте тартымды өтті.Іс-шара соңында кітап көрмесімен таныстырылды.

Астана қаласындағы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде “META MEET” XIX республикалық студенттер шақырылымы өтті.

Іс-шараға Қазақстанның 20 өңірінен 100-ден астам ЖОО 700- ден астам колледждерден 1000 ға жуық жастар келді. Аскерлер білім, спорт, өнер сайыстарына қатысып, бақ сынасып, сонымен қатар жыл үздіктерінің қорытындысы шығарылды. Республикамыз бойынша “ҮЗДІК КОЛЛЕДЖ” номинациясымен біздің оқу орнымыз, Қызылорда медициналық жоғары колледжі марапатталды.

Сәуір айының 27-і күні Қызылорда медициналық жоғары колледжі кітапханасы оқу залында Төлен Әбдіковтың «Өліара» романына М-103 топ студенттері арасында талдау жасалынды.

Төлен Әбдіковтың “Өліара” романы ел өмірінің тарихи күрделі кезеңіндегі әлеуметтік-саяси, мәдени-рухан ахуалын суреткерлікпен зерделеп, көркем бедерлеген белесті шығарма. Тәрбие сағатының тақырыбымен, негізгі мақсатымен топ жетекші Әлімжанова Айгерім таныстырып шықты. Жалпы Төлен Әбдіковтың өмірбаяны, шығармашылығымен, оның туындыларымен кітапхана меңгерушісі Раманкулова Айнұр Есенжолқызы топқа түсіндіріп өтті. Бұл шығарманы оқу барысында әр кейіпкердің…