ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ

Соңғы оқиғалар


КОЛЛЕДЖДІҢ 95 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ АЯСЫНДАҒЫ «АЛҒЫС АЙТУ»

Үстіміздегі жылы колледжіміздің құрылғанына 95 жыл толмақ. Аталған мерейтой аясындағы іс-шаралар жоспары ауқымды. Сондай шараның бірі- «Алғыс айту» күніне арналған «Шын жүректен, мың алғыс!» атты мерекелік кеш бүгін өтті. Мерекеге облыстық білім басқармасының басшысы М.З.Шермағанбет, денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары М.Ж.Шайымбетов, денсаулық саласы мамандары, ата-аналар, ұстаздар мен студенттер қатысты. Шараға…

КӘСІБИ БАҒДАР – ӨМІРГЕ БАҒДАР

2023 жылдын 27 ақпан күні Серәлі Лапин атындағы №261 орта мектептің 9 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру мақсатында колледж оқытушысы Зейнебай Гүлзира Ермұратқызы кездесу өткізді. Кездесуде мамандық таңдауда ұстанатын басты қағидаларға тоқталып, оқушылар сұрақтарына жауап берді. Соңы пікір алысу алаңына айналып, кеңестер берілді.

24.02.2023жылы Қызылорда медициналық жоғары колледжі кітапханасының ұйымдастыруымен 1 наурыз – Алғыс айту күніне байланысты «Құшағын ашқан бәріне, Туған жер саған мың алғыс» атты колледж ішілік ,мәнерлеп оқу сайысы өтті.

Мақсаты: Алғыс айту туралы түсінік беру; үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым – қатынасын дамыту; әдептілік, кішіпейілділік, ізгілікке тәрбиелеу. Колледж білім алушыларының І курс арасынын 17 студент қатысты. Сайысқа – Казақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Әлиакбар Қамарсұлу, әдістемелік бөлімнің әдіскері Айжанова Гулназ, кітапхана меңгерушісі Раманкулова Айнур Есенжолқызы төрелік…