ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ

Соңғы оқиғалар


2-қараша күні колледж әкімшілігі мен ҚПБ ЖППБ ЮПБ аға инспекторы полиция майоры А. Мамбеталиев ұлдармен кездесу өткізді, себебі аймағымыздағы Құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары, әкімшілік құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайлар туралы ақпарат беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

А.Мамбеталиев Қазіргі таңдағы қылмыстардың жасөспірім тарапынан немесе топтасқан төбелестердің кездесіп жатқандығы туралы айтуымыз керек. Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. Колледж заңгері Т.А. Нұрымбетов:…

“Қалың мал қыздың бағасы ма, әлде бағы ма?….”

Қызылорда медициналық жоғары колледжі кітапханасы оқу залында Е-66 топ студентерімен, жазушы С. Көбеевтің “Қалың мал” романы бойынша ” Қалың мал қыздың бағасы ма, әлде бағы ма?….” атты әдеби дөңгелек үстел өтті. «Қалың мал» романы – тілінің тазалығы, көркемдігі жағынан да өзімен тұстас прозалық туындылардан өзгеше шығарма. Романда Революция алдындағы қазақ…

Колледжімізде студенттердің тұлғалық дамуына жол ашу мақсатында “Менің жетістігім – менің нәтижем” тақырыбында дебат турнирі болып өтті. Мақсаты: студенттердің білімдерін шыңдау, өзін – өзі анықтай алуына, алдына қойған мақсатына психологиялық жағынан көмек беру, жас жеткіншектердің болашақта тұлғалық дамуына жол ашу.

Турнир қорытындысы бойынша 1-орын: “Алаш” фракциясы 1 спикер Әбдіғаппар Рамазан Е-63топ 2 спикер Марат Дамир Е-108топ 2-орын: “Күн мен Ай” фракциясы 1 спикер Мүслім Аяулым М-23 топ 2 спикер Серікбаева Айсана М-23 топ “Үздік спикер” номинациясымен Е-107 топ студенті Әсафи Азамат марапатталды. Турнир барысында студенттер өз ойларын ашық, сауатты жеткізе…

Экстремизм деген латын сөзі «ең соңғы, ақырғы, төтенше»,«шеттеу», яғни орталықтан ауытқу, тәртіпке бағынбау, өз пікірімен ғана іс – әрекет жасаушы деген ұғымды білдіреді.

Экстремизмнің пайда болуы надандыққа, көрсоқырлыққа бейімделген көзқарастардан туындайды, яғни олардың ойы «тек қана менің пікірім дұрыс, өзгенікі бұрыс дегенге саяды». Бұл оның ең алғашқы кезеңдері болып саналады. Сондай ақ тағы бір көрінісі – өзгелерді көре алмау, түсінбеу немесе түсінгісі келмеу. Олар өздерін өте таза, кіршіксіз санап, басқаны адасушыларға жатқызады. Тура…