Соңғы оқиғалар
«Емдеу ісі» бөлімінің бітіруші топтар оқушыларының колледж қабырғасында игерген білім деңгейін анықтау, болашақ маман иесінің өз кәсібіне деген қызығушылығын, тәжірибелік іс – машық деңгейін арттыру, сонымен қатар кәсіби дайындық сапасын бағалау, өз бетінше кәсіби міндеттерін шешу қабілетін бағалау мақсатында конкурс өткізілді. Конкурста сарапшы болған арнайы пән оқытушылары тәжірибелік іс-машықтықты көрсету…
Арнайы стоматологиялық пәндер циклдік әдістемелік бірлестігінің оқытушысы, жас маман Тұрсынбай Несібелі Жаңабайқызы “Дантист” біліктілігі С-18топпен “Хирургиялық стоматология” пәнінен ашық сабақ жүргізді. Ашық сабақ тақырыбы: “Тіс жұлу кезінде кездесетін асқынулар”. Ашық сабақ барысында сабақтың мақсаты мен міндеттері толық қамтылды, интербелсенді әдістерді пайдаланды, студенттермен кері байланыс орнатылды, сабақ өз мақсатына жете алды
Колледждегі Ортопедиялық стоматология және Стоматология мамандықтарының білім алушылары үшін осындай тақырыпта арнайы пәндер апталығы басталды. Апталықтың ашылуында “ОЙЛЫ БОЛСАҢ ОЗЫП КӨР” тақырыбындағы тартысты сайыс болды. Болашақ тіс мамандарының апталығы жалғасын табады
Қызылорда медициналық жоғары колледжінің “Арнайы стоматологиялық пәндер” бірлестігінің ұйымдастыруымен 27-31наурыз аралығында «Тіс саулығы ден саулығы» атты апталық өткізіледі. Апталықтың бірінші күні – 1.Тістер коридоры «Ауыз қуысы гигиенасы» туралы ақпараттандыру (брошюра тарату); 2. Конкурс «Ойлы болсаң озып көр»(тест,сиқырлы ұяшық,жасырын сурет, капитандар сайысы) 22, 43 топтар арасында өткізілді