ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ

Соңғы оқиғалар


Қызылорда медициналық жоғары колледжінде прокуратура өкілдерімен кездесу өтті

Бүгін колледждің оқытушылары мен студенттерімен прокуратура өкілдерімен кездесті. Кездесудің басты мақсаты – қолданыстағы заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістер туралы ақпарат беру болды. Прокурор Ысқақ Е. 2025 жылдың 16 қыркүйегінен бастап дропперлікке қатысты заңның күшіне енгенін атап өтіп, біреуге ақша аудару мәселесінде аса сақ әрі сауатты болуға шақырды. Ал прокурор Нажмадин Б….

Қызылорда медициналық жоғары колледжінде нашақорлықтың алдын алу тақырыбында ұжымдық оқыту өтті

Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штаб отырысының хаттамасы негізінде бүгін колледжде «Нашақорлықтың және есірткінің заңсыз айналымының алдын алудағы педагогтердің рөлі» тақырыбында ұжымдық оқыту өткізілді. Іс-шараға Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығының клиникалық психологы Әбдеш Ә.А. және облыстық психологиялық қолдау орталығының психологы Бисенова Ж.Ж….

ПОЛЬША ҒАЛЫМДАРЫ КОЛЛЕДЖ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Қызылорда медициналық жоғары колледжінің директоры Жанар Қалмақова Польша Республикасының Познань қаласынан келген ғалымдарды қабылдап, колледж жұмысымен таныстырды. Қонақтар қатарында Адам Мицкевич атындағы университеттің профессорлары Пётр Климашик, Михал Рыбак және Медицина ғылымдары университетінің профессоры Пётр Рзумски болды. Польшадан келген ғалымдар алдағы уақытта нақты жобалар негізінде белсенді жұмыс жүргізуге дайын екендіктерін жеткізді….

ОҢАЙ АҚША ЕШКІМДІ ОҢДЫРМАЙДЫ!

Бүгін банк және құқыққорғау қызметкерлерімен білім алушылардың кездесуі болды. Оған «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Қызылорда облысы филиалы бөлшек бизнес орталығының басшысы Жанбаев Ғ.Ө., «Қазақстан Халық Банкі» АҚ қауіпсіздік бөлімінің бас маманы Ерубаева Э.М., Қызылорда облысы Полиция Департаментінің қызметкері Ермаханов Н.Т. қатысып, қазіргі таңда интернет алаяқтардың көбейгенін және олардың басты мақсаты…