Соңғы оқиғалар
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығымен бекітілген білім беру ұйымдарында балаларды жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасына арналған «ДосболLIKE» бағдарламасы түсіндірілді. Бағдарламаның мақсаты — білім беру ұйымдарында буллингтің алдын алу және оған тиімді қарсы әрекет ету жүйесін қалыптастыру арқылы жәбірлеу фактілерін азайту. Осы бұйрықты және оқу орындары қызметкерлерінің іс-әрекеті туралы ұжымға директордың тәрбие ісі…
Қызылорда қаласы прокуратурасы бөлімінің аға прокуроры Д.Абылбекұлы мен прокурор А.Оразалиева колледж білім алушыларымен кездесіп, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында құқық бұзушылықтың заң талаптарын бұзатын, қоғамға және жеке тұлғаға зиян келтіретін әрекет немесе әрекетсіздік екені түсіндірілді. Сондай-ақ: Заң мен сот алдында барлығы тең…
«Тыныс алу жүйе бұзылысы кезіндегі мейіргерлік күтім» тақырыбында ашық сабақ өтті. Қатысқан топ: Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавр ҚБ-89 топ білім алушылары. Оқытушы: Зейнебай Гүлзира Ермұратқызы. Қолданылған әдістер: «SGL (Smallgrouplearning)» тәсілі, «Quizizz» бағдарламасы, Жасанды интеллект. Білім алушылардан үй тапсырмасын 2 топшаға бөлініп, макет жасау, тыныс алу жүйесі жүйесінің анатомия физиологиясы сұрылды….
Колледж психологтары А.Б. Бохаева мен А.С. Опашева ұйымдастыруымен оқытушылар арасында «Өзіңді таны» психологиялық тренинг өтті. Тренингтің негізгі мақсаты – педагогтердің эмоционалдық күйін тұрақтандыру, кәсіби күйзелістің алдын алу, өзара қолдау мен тиімді қарым-қатынас орнатуға жағдай жасау. Тренинг барысында қатысушылар өзін-өзі тануға, эмоцияларын басқаруға, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға бағытталған жаттығулар орындады. Топтық…














