ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ

Соңғы оқиғалар


ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР! ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Отаным деп соққан әрбір жүрекке Тәуелсіздіктен артық қасиетті сөз жоқ. Өркениет көшінде көк туымыз желбіреп, Еліміздің айқын мақсат пен дамудың даңғыл жолына түскеніне де отыз жылдан асып барады. Еліміз зайырлы, құқықтық, дербес демократиялық мемлекет ретінде әлемге танылды. Тәуелсіздігіміздің баянды болу жолындағы Сіздердің еңбектеріңізге өрлеу, дендеріңізге саулық, отбасылық бақыт, игілік пен…

Колледжінің 1, 2 курс білім алушыларына «Қылмыс пен құқық бұзушылық» тақырыбында түсіндіру ақпараттық жұмыстар жүргізілді.

Колледж психологы А.Ж.Жәрімбетова құқық бұзушылықтың нашақорлоқтық пен лудаманияның алдын алу мәселелері туралы айта келе құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру өте маңызды екендігін ескертті. Сондай ақ жастардың түн мезгілінде көшеде, әсіресе ойын-сауық орталықтарында жүрмеуі, жол жүру ережелерін сақтауы т.б мәселелеріне тоқталды.

ҚҰМАР ОЙЫН- ӨМІРІҢЕ ОЙРАНКолледжіміздің 1-2 курс білім алушыларымен интернетке тәуелділік және құмар ойындардың зияны және олардың алдын алу тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.

Жалпы жасөспірімдер арасында лудомания – әлеуметтік , кәсіби, материалдық және де отбасылық құндылықтардың төмендеуіне әкелетін паталогиялық құмар ойынға жатады. Тәрбие сағаттарындаИнтернет ойынқұмарлық, кибербуллинг, нашақорлық т.б жат әдеттер жайлы айтылды.«Дүниедегі ең қымбат нәрсе ол сенің өмірің. Сенің өмірің өз қолыңда. Олай болса денсаулығымызға зиян келтіретін нәрселерден, жаман әдеттерден аулақ болайық. Адамзат…

ОБЛЫСТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Бүгін колледжде “Әлеуметтік-экономикалық пәндер” бірлестігінің «Ұлы Дала тарихы – мәңгілік Қазақстан» апталығы аясында кәсіптік және техникалық оқу орындарының тарих пәні оқытушылары арасында «Тарих пәні оқытушысының кәсіби шеберлігі: жаңа көзқарас және даму» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Конференция мақсаты: Қазіргі таңдағы білім беру саласындағы басты міндеттердің бірі- оқыту мен тәрбие…