Соңғы оқиғалар
Колледжімізде студенттерге “Жемқорлыққа жол жоқ” атты ақпараттандыру, түсіндіру шарасы өтті. Оларға коррупциялық іс әрекеттің кез-келген көрінісі қылмыс болып табылатыны түсіндірілді. Шара соңында сұрақ-жауап, пікір алмасу болды. Шараны жүргізгендер кітапханашы Раманқұлова Айнұр, химия пәнінің оқытушысы Мамадосов Дастан, Серік Ырысбек.
Жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында рейдтік шаралар кестеге сәйкес жүруде. Құқық қорғау қызметкерлері мен колледж оқытушылары, сондай ақ әкімшілік мамандарымен бірге күнделікті 21:00-24:00 аралығында беймезгіл жүрген жасөспірімдермен жұмыстар жүргізіледі. Орталық алаң, қала аумағы, колледж төңірегі, арбат бойы т.б қаралды. Кездескен жасөспірімдерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жалпы саны-93…
Облыстық оқу орталығы (әдістемелік кабинет) және М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі «Физика-математика және ақпараттық жүйе» бөлімінің ұйымдастыруымен Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының 1 курс студенттері арасында математика, информатика, физика, химия, география және биология пәндерінен облыстық олимпиада өткізілді. Олимпиада қорытындысы бойынша физика пәнінен колледжіміздің білім алушысы Маратұлы Думан…