Қызылорда медициналық жоғары колледжінің психологиялық қызмет көрсету кабинет жұмысының мақсаты және міндеттері
Мақсаты: білім алушылардың психологиялық денсаулық сақтау,қолайлы әлеуметтік – психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.
Міндеттері:
- Әр түрлі бағыттарда психологиялық – педагогикалық диагностика өткізу;
- Білім алушылардың жеке тұлғасы мен әлеуметтік мәселелерін шешуге педагогикалық ұжымын бағдарлау мақсатында психологиялық – педагогикалық қорынтынды шығару және оны талдау;
- Білім алушылардың жеке және жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, білім беру қызметінің дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге қатысу;
- Әлеуметтік дизадаптацияның пайда болуын алдын алу іс – шараларын жүзеге асырады,психологиялық көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдау (психокоррекциялық, сауықтыру, кеңес беру);
- Пайда болған қиындықтардың дер кезінде алдын алу және тиімді шешу мақсатында оқушылардың әлеуметтік-психологиялық жағдайының және бейімделуінің ерекшеліктерін зерттеу;
- Білім алушылардың психикалық денсаулық туралы хабардарлығын арттыру, проблемаларды шешу дағдыларын дамыту және қажет болған жағдайда психологиялық көмекке жүгінуді ынталандыру;
Педагог-психолог төмендегідей бағыттар бойынша жұмыс жасайды:
- Психодиагностикалық бағыт ;
- Психопрофилактикалық бағыт;
- Психокоррекциялық бағыт;
- Психологиялық кеңес беру;
- Психологиялық білім жетілдіру
Колледж педагог-психологтары бірінші курс білім алушыларының колледждегі білім беру үдерісіне ойдағыдай жақсы бейімделуіне жағдай жасап, студенттердің толыққанды психикалық және тұлғалық дамуы үшін жұмыс жасайды. Сондай-ақ білім алушыларға, ата-аналарға және мұғалімдерге уақтылы жан-жақты психологиялық көмек көрсету, жайлы психологиялық кеңес беру, колледжде жақсы психологиялық климат қалыптастыру. Педагог – психолог жұмысының маңызды нысандарының бірі қиын өмірлік жағдайға тап болған студенттерге әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсетуді ұйымдастыру болып табылады.
Педагог – психолог: Әшімова Жансауле Есқарақызы
Еңбек өтілі: 13 жыл
Санаты: І
Телефон: 8 –708–704–79-74
Психологиялық релаксациясына арналған сенсорлық бөлме