Психологиялық қызмет

Қызылорда медициналық жоғары колледжінің психологиялық қызмет көрсету кабинет жұмысының мақсаты және міндеттері

Мақсаты: білім алушылардың психологиялық денсаулық сақтау,қолайлы әлеуметтік – психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.

Міндеттері:

  1. Әр түрлі бағыттарда психологиялық – педагогикалық диагностика өткізу;
  2. Білім алушылардың жеке тұлғасы мен әлеуметтік мәселелерін шешуге педагогикалық ұжымын бағдарлау мақсатында психологиялық – педагогикалық қорынтынды шығару және оны талдау;
  3. Білім алушылардың жеке және жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, білім беру қызметінің дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге қатысу;
  4. Әлеуметтік дизадаптацияның пайда болуын алдын алу іс – шараларын жүзеге асырады,психологиялық көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдау (психокоррекциялық, сауықтыру, кеңес беру);
  5. Пайда болған қиындықтардың дер кезінде алдын алу және тиімді шешу мақсатында оқушылардың әлеуметтік-психологиялық жағдайының және бейімделуінің ерекшеліктерін зерттеу;
  6. Білім алушылардың психикалық денсаулық туралы хабардарлығын арттыру, проблемаларды шешу дағдыларын дамыту және қажет болған жағдайда психологиялық көмекке жүгінуді ынталандыру;

Педагог-психолог төмендегідей бағыттар бойынша жұмыс жасайды:

  • Психодиагностикалық бағыт ;
  • Психопрофилактикалық бағыт;
  • Психокоррекциялық бағыт;
  • Психологиялық кеңес беру;
  • Психологиялық білім жетілдіру

Колледж педагог-психологтары бірінші курс білім алушыларының колледждегі білім беру үдерісіне ойдағыдай жақсы бейімделуіне жағдай жасап, студенттердің толыққанды психикалық және тұлғалық дамуы үшін жұмыс жасайды. Сондай-ақ білім алушыларға, ата-аналарға және мұғалімдерге уақтылы жан-жақты психологиялық көмек көрсету, жайлы психологиялық кеңес беру, колледжде жақсы психологиялық климат қалыптастыру. Педагог – психолог жұмысының маңызды нысандарының бірі қиын өмірлік жағдайға тап болған студенттерге әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсетуді ұйымдастыру болып табылады.


Педагог – психолог: Опашева Ақерке Серікқызы
8-776-134-72-90

Педагог – психолог: Жәрімбетова Ақбота Жұмағалиқызы

8-778-278-56-05


Психологиялық релаксациясына арналған сенсорлық бөлме




Атқарылған іс-шара 2025-2026 жж.