(KAZ) КЕҢЕЙТІЛГЕН ПРАКТИКА МЕЙІРГЕРІ
10.10.2024 жылы сағат 10:00де Қызылорда жоғары медициналық колледжінің мәжіліс залында мейіргер ісін дамыту мақсатында «Кеңейтілген практика мейіргері»тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел Қызылорда облысының бас мейіргерлері және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры А.А.Кауышева, «Парыз» мейіргер ісінің мамандары» республикалық қоғамдық бірлестігі Г.Б.Касимова, Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ж.И.Абубакирова, ҚРДСМ Ғылым және адами ресурстары департаментінің мейіргер ісін дамыту басқармасының бас сарапшысы А.С.Наурызбаева қатысуымен өткізілді.
Қызылорда облысының «Мейіргер ісі» ассоциациясының президенті Нұрабаева Жеңіскүл Жолдыбайқызы, «Мейіргер ісі ассоциациясының атқарған жұмыстары» тақырыбында баяндама жасады.
Қармақшы аудандық ауруханасының мейірбикесі Қараумбетова Фариза Шарханқызы «Кеңейтілген практика мейіргерінің жұмысы» тақырыбында баяндама жасады.
Қазалы көпбейінді орталық ауруханасының кеңейтілген практика мейіргері, Бағашарова Асель Қанатқызы «Бакалавр маған қандай мүмкіндік береді?!» тақырыбында баяндама жасады.
Жалағаш аудандық ауруханасының практика мейіргері Тұрғанбаева Гүлназ Бақытбекқызы «Емхана саласындағы кеңейтілген практика мейіргерінің ролі» тақырыбында баяндама жасады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры Кауышева Алмагуль Амангельдиевна қорытынды сөз сөйлеп, кеңейтілген практика мейіргерлерінің білімдерін жетілдіріп, мүмкіндік болса магистратура оқу керектігін алға тартты. Амбулаторлы емханаларда кеңейтілген практика мейіргерлерінің жұмысы қанағаттандыратынын, ал стационарда кеңейтілген практика мейіргерлерімен толық қанды жұмыс жасалмайтынын, стационардың бас мейіргерлеріне қабылдау бөлімінде триаж жүйесі бойынша кеңейтілген практика мейіргерлерін жұмыспен қамтылуы керектігін, сондай – ақ бас мейіргерлерге этика – деонтология және сапалы қызмет көрсету керектігін атап өтті.

















