(KAZ) “ПОЛИЦИЯ ЖӘНЕ БАЛА” АКЦИЯСЫ
«Полиция және бала» акциясы аясында Қызылорда медициналық жоғары колледжінің студенттері полиция департаментіне саяхатқа барды.
Іс-шара облыстық білім басқармасы, полиция департаменті және денсаулық сақтау басқармасының «2024-2025 оқу жылына арналған құқық бұзушылық, буллинг, есірткі, лудомания, вейп темекі, интернетке тәуелділіктің алдын алуға бағытталған профилактикалық бірлескен іс-шаралардың қадамдық жұмыс жоспары» аясында ұйымдастырылған.
Акция кезінде облыстық полиция департаментінің мұражайымен, кинология орталығы және қызметтік иттердің жұмысымен, жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметімен, қарулармен, көгуар бронемашинасымен, жедел басқару орталығының арнайы жұмыс көліктерімен, қызметтік автомашиналар түрлерімен танысты. Сондай-ақ , полиция департаментінің қызметкерлері өз қызметтері туралы ақпарат берді. Жастар қоғамда тәртіпті бұзбау маңызды екенін түсінді.














