(KAZ) «Заң мен тәртіп» – қауіпсіз қоғам кепілі
«Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында колледж білім алушыларымен құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесуге ҚҚБ ЮПБ УПИ-лары — полиция майоры Романов Б., полиция аға лейтенанты Өмірзақ Н., полиция лейтенанты Рустамова Д., сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы кеңес бөлімшесінің инспекторлары — полиция аға лейтенанты Қоңыртай А. және полиция майоры Арынғазиева Р. қатысты.
Сала мамандары сталкинг, буллинг, есірткі, алаяқтық, соның ішінде интернет-алаяқтықтан сақтану жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар тұрмыстық-отбасылық зорлық-зомбылықтың белгілері мен оның алдын алу шаралары туралы маңызды ақпарат берілді.
Мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қауіпсіз қоғам қалыптастыруға ықпал етеді.












