(KAZ) СТУДЕНТЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
«Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында құқықтық түсіндірме жасау мақсатында колледжге Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы кеңес бөлімшесінің инспекторы, полиция майоры Арынғазиева Р., сондай-ақ осы бөлімшенің инспекторы, аға лейтенант Қоңыртай А. келіп, құқықбұзушылықтың алдын алу, әсіресе кәмелетке толмағандарды қылмыстардан сақтандыру бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесуді ұйымдастырған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Т. Молдраймова қонақтарға алғысын білдіріп, алдағы уақытта бала тәрбиесі жолында өзара байланыс үзілмейтінін атап өтті.
















