(KAZ) «Заң мен тәртіп» – жастар қауіпсіздігінің кепілі
Бүгін колледжде облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Есенбаев Б.Ш. және тәрбие бөлімінің маманы Іздібай Б.Ж. білім алушылармен кездесті.
Кездесудің мақсаты – «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және оның алдын болдырмау бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Өз сөзінде Бекжан Шәкизатұлы еліміздің болашағы жарқын әрі қауіпсіз болуы үшін ең алдымен тәртіп сақтау мен сапалы білім алудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар жастардың бойында ұлттық құндылықтарды сақтау, отбасылық бақытты бағалау және білімге ұмтылу секілді қасиеттердің қалыптасуы аса маңызды екенін атап өтті.













