(KAZ) Педагогтың психологиялық саулығы – сапалы білім берудің негізі
Колледж мұғалімдеріне арналған «Кәсіби шаршаудың алдын алу» тақырыбында колледж психологі А.Б. Бохаева тренинг өткізді.
Тренингтің мақсаты – педагогтердің эмоционалдық күйін тұрақтандыру, кәсіби шаршаудың белгілерін анықтау, стресс деңгейін төмендету және өзін-өзі қолдау дағдыларын дамыту.
Іс-шара барысында қатысушылар:
кәсіби шаршаудың себептері мен салдарымен танысты;
өз эмоцияларын тану және басқару жаттығуларын орындады;
релаксациялық және сергіту техникаларын үйренді;
өзара қолдау көрсетіп, тәжірибе алмасты.
Тренинг педагогтердің ішкі ресурсын қалпына келтіруге, кәсіби мотивациясын арттыруға бағытталды. Мұғалімдердің белсенділігі мен қызығушылығы жоғары деңгейде болды.
Психологиялық саулықты сақтау – әр педагог үшін маңызды. Себебі ұстаздың көтеріңкі көңіл-күйі мен ішкі тепе-теңдігі білім сапасына тікелей әсер етеді.












