(KAZ) АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ
«Тыныс алу жүйе бұзылысы кезіндегі мейіргерлік күтім» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Қатысқан топ: Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавр ҚБ-89 топ білім алушылары. Оқытушы: Зейнебай Гүлзира Ермұратқызы.
Қолданылған әдістер: «SGL (Smallgrouplearning)» тәсілі, «Quizizz» бағдарламасы, Жасанды интеллект.
Білім алушылардан үй тапсырмасын 2 топшаға бөлініп, макет жасау, тыныс алу жүйесі жүйесінің анатомия физиологиясы сұрылды. Тыныс алу жүйе бұзылысы кезіндегі мейіргерлік күтім Gamma app бағдарламасымен жасанды интеллект бағдарламасын қолданып жаңа тақырыпты түсіндірді. SGL (Small group learning) әдісі арқылы топқа бөліп, топшаларға ситуациялық есептер беріп, бағалады.
Білім алушылардан “ Quizizz ” бағдарламасы бойынша тест тапсырмасын алып, жаңа сабақты қорытындылады. Жасанды интеллект қолданып кері байланыс жасады.
Жаңа тәсілдерді қолдану білім алушылар үшін қызығушылық тудырды.









