(KAZ) Колледж студенттеріне референдумның маңызы мен мәні түсіндірілді.
Кездесу барысында Ата заңға енгізілетін өзгерістер таныстырылып, олардың қоғам дамуына әсері туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасты.
Кездесу соңында жастар ел өміріндегі маңызды саяси үдерістерге бейжай қарамай, референдумға белсенді қатысуға шақырылды.











