(KAZ) «Ағза және ауру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
Қызылорда медициналық жоғары колледжінде «Анатомия, физиология және жалпы патология» пәні аясында «Ағза және ауру» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шара 2-оқу ғимаратының 206 кабинетінде өтіп, І курс ҚБ-89 топтың 2-топша білім алушылары белсенді қатысты.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – студенттердің адам ағзасының құрылысы мен қызметі туралы білімдерін тереңдету, аурулардың пайда болу себептерін ғылыми тұрғыдан талдау және денсаулықты сақтау мәдениетін қалыптастыру болды.
Кездесу барысында білім алушылар:
ағза мүшелері жүйесінің өзара байланысы мен қызметін талқылады;
жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын алу жолдарын қарастырды;
экологиялық және әлеуметтік факторлардың адам денсаулығына әсерін саралады;
салауатты өмір салтының маңыздылығы туралы өз пікірлерін білдірді.
Сонымен қатар қатысушылар технологияның денсаулыққа әсері, иммунитетті көтеру жолдары, экологияның ағзаға ықпалы және ағзаға зиян келтіретін негізгі факторлар жөнінде пікір алмасып, қызықты талқылау жүргізді.
Іс-шара студенттердің медициналық ойлау қабілетін дамытуға, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға және болашақ маман ретінде кәсіби көзқарасын қалыптастыруға бағытталды.
ЦӘК жетекшісі: Кирабаева Л.С.









