(KAZ) «МЕЙІРГЕР КҮТІМ ОРТАЛЫҒЫ» — КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК ОШАҒЫ
Мақсаты — науқастарға сапалы мейіргерлік көмек көрсету, денсаулықты сақтау мен нығайту, аурулардың алдын алу және созылмалы аурулары бар адамдарды бақылау.
Міндеттері:
Мейіргерлік көмек көрсету: созылмалы аурулары бар пациенттерге күтім ұйымдастыру (қант диабеті, гипертония, жүрек-қан тамыр аурулары).
Пациентті бақылау: өмірлік көрсеткіштерін бақылау, диспансерлік есептегі адамдардың денсаулығын қадағалау.
Алдын алу жұмыстары: аурулардың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау, гигиеналық тәрбие.
Пациент пен отбасы мүшелерін оқыту: өзін-өзі күту дағдылары, дәрі қолдану, диета және өмір салты, өз-өзін бақылау әдістерін үйрету.
Қамқорлық пен психологиялық қолдау: моральдық-психологиялық көмек көрсету, науқастың өмір сапасын жақсартуға жәрдемдесу.
![]()
Қызылорда медициналық жоғары колледжі – Пациенттерге күтім көрсету мектебі
Мекен-жайы: Ы. Жахаев 18, бас ғимарат, 119 кабинет
Байланыс:
• Жумагулова С.Б: 87473348634
• Мусабаева С.Б: 87059136735
Мектепке келіп, науқастарға сапалы күтім көрсету және денсаулықты нығайту бойынша өз біліміңізді арттыра аласыз!









