(KAZ) 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні
Атаулы күн Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құрылған күнінде (1948 жылдан бері) аталып өтеді.
Денсаулықтарыңыз мықты болсын!,
«7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне» орай, ұлттық бағдарлама тұжырымдамасына сәйкес «Денсаулыққа бiрге! Ғылыммен бiрге!» ұранымен аймағымыздағы барлық емханаларда тұрғындарға медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Ашық есік күні» ұйымдастырылатынын хабарлаймыз!
«Ашық есік күнінде» тұрғындарға тар буынды мамандардың қатысуымен профилактикалық қарап тексеру жұмыстары жүргізілетiн болады.
Сондай-ақ мектеп мейіргерлерi жалпы білім беретін мектептерде «Салауатты өмір салты – табысты болашақ негізi» тақырыбында жалпы облыстық бiрыңғай денсаулық сабағы ұйымдастырылады.
Сонымен қатар 7 сәуiр күнi сағат 09:00-15:00 аралығында №6 қалалық емханада қала тұрғындарына және шалғай елдi-мекендердегi халыққа медициналық тексерулер жүргізу үшін жылжымалы медициналық кешен тегін медициналық қызмет көрсететінін хабарлаймыз!
Жылжымалы кешенде сарапшылық деңгейдегі ультрадыбыстық жүйе мен томосинтез функциясы бар цифрлы маммография орналасқан. Сіздерге онколог, ультрадыбыстық зерттеулер, сәулелік диагностика дәрігері және тағы да басқа мамандар қызмет көрсететін болады.
![]()
![]()
Сол себепті баршаңызды білікті дәрігерлердің кеңесін алумен қатар, маммографиялық, ультрадыбыстық және өзге де зерттеулерден өтуге, өз денсаулығыңызды зерделеуге шақырамыз!










