(KAZ) Қызылордада маңызды тренинг өтті!
Қызылорда медициналық жоғары колледжінің ерікті студенттері Қызылорда автобус паркі қызметкерлеріне арнап «Транзиторлық ишемиялық шабуыл» (ТИА) және «Жүрек-өкпе реанимациясы» (ЖӨР) тақырыптарында ақпараттық-тәжірибелік тренинг ұйымдастырды.
Тренинг барысында қатысушылар ТИА-ның алғашқы белгілерін – сөйлеудің бұзылуы, аяқ-қол әлсіздігі, бет асимметриясын тануды және дер кезінде жедел жәрдем шақырудың маңызын үйренді.
Практикалық бөлімде жүрек тоқтаған жағдайда алғашқы көмек көрсету, кеуде қуысын дұрыс басу және жасанды тыныс беру тәсілдері арнайы манекендер арқылы көрсетілді.
Мұндай іс-шаралардың мақсаты – төтенше жағдайда дұрыс әрі жылдам әрекет етіп, адам өмірін сақтап қалуға ықпал ету.













