(KAZ) Қызылордада тағылымды кездесу өтті
Қызылорда медициналық жоғары колледжінің оқытушысы Акбаева А.Т. және ерікті студенттер тобы №5 арнайы мектеп-интернатында профориентациялық және «Транзиторлық ишемиялық шабуыл (ТИА)» тақырыптарында ақпараттық іс-шара өткізді.
Кездесу барысында Айдана Талғатқызы оқушыларға медициналық мамандықтардың ерекшеліктері, қоғамдағы рөлі және осы салада білім алу мүмкіндіктері туралы кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ, медицина қызметкері болу үшін қажетті қасиеттер мен болашақ бағыттар туралы маңызды ақпараттар берілді.
Сонымен қатар, волонтерлар «Транзиторлық ишемиялық шабуыл (ТИА)» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оның негізгі белгілерін – сөйлеудің бұзылуы, қол-аяқ әлсіздігі, бет қисаюын танып-білу және алдын алу жолдарын қарапайым тілде жеткізді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға дұрыс мамандық таңдауға бағыт беру және денсаулыққа қатысты маңызды білім қалыптастыру.










