(KAZ) ШЕТ ЕЛДІК САРАПШЫ САБИНА РИНАС ДӘРІС ӨТУДЕ
Қызылорда медициналық жоғары колледжіне доктор Сабина Ринас (Sabine Rienas) іс-сапармен келді. Ол Германияның SES – Senior Expert Service (Аға сарапшылар қызметі) сарапшысы – психолог-психотерапевт және психологиялық психотерапия бойынша оқу клиникасының жетекшісі ретінде мол тәжірибесі бар білікті маман. Шетелдік әріптесімізді колледж ұжымы жылы қарсы алып, Қорқыт ата ескерткішіне апарып, еліміздің мәдениеті мен тарихы туралы таныстырды.
Халықаралық деңгейдегі сарапшы қазіргі таңда колледждің психолог және психотерапевт мамандарына дәріс өткізіп, теориялық әрі практикалық білім беруде. Сонымен қатар, жеке және топтық тәлімгерлік жұмыстарын жүргізіп, өз тәжірибесімен бөлісуде.
Франция, Англия, Индонезия елдерінде еңбек еткен білікті маман бір жеті бойы дәріс бермек. Мұндай тәжірибе алмасу – мамандардың кәсіби дамуына үлкен серпін беретіні сөзсіз.















