(KAZ) ЖАСТАРМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ: ТӘРТІП ПЕН ҚАУІПСІЗДІКТІ НЫҒАЙТУ
Бүгін Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әбілпатта Алмас Әбдіғаппарұлы жастармен кездесіп, буллингтің алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелерін талқылады.
Іс-шараның мақсаты — жастарға буллингтің зиянын түсіндіру, әлімжеттік, топтық төбелес секілді келеңсіз әрекеттердің алдын алу және оларды заң талаптарын сақтауға шақыру.
Кездесуге Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының ювеналды полиция тобының инспекторы, полиция аға лейтенанты Қайсариева Аружан Асылбекқызы және психолог мамандар қатысты.
Мамандар жастарға өзара сыйластықты сақтау, жанжалдарды бейбіт жолмен шешу және қиын жағдайда дер кезінде көмек сұраудың маңыздылығын түсіндірді. Кездесу барысында жастар өз сұрақтарына жауап алып, пайдалы кеңестермен бөлісті.
Жастардың қауіпсіздігі мен жарқын болашағы — баршамызға ортақ міндет.













