(KAZ) Республикалық пәндік онлайн-олимпиада өз мәресіне жетті!
2026 жылдың «Үй жағдайындағы мейіргерлік күтім» пәні бойынша республикалық онлайн-олимпиада ұйымдастырылып, сәтті аяқталды.
Олимпиаданың негізгі мақсаты – білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамыту болды.
Іс-шараға еліміздің әр өңірінен «Қолданбалы бакалавр» мамандығы бойынша медициналық колледж студенттері қатысып, үй жағдайында пациенттерге сапалы мейіргерлік күтім көрсетуге қатысты білімдерін сынға салды.
Олимпиада екі кезең бойынша өткізілді:
І кезең – тест тапсырмалары;
ІІ кезең – «Үй жағдайында күтімді ұйымдастыру» тақырыбында видеоматериал арқылы пациентке күтім шараларын бағалау.
Олимпиада барысында қатысушылар:
үй жағдайындағы мейіргерлік күтімнің заманауи аспектілері бойынша білімдерін көрсетті;
клиникалық ойлау және шешім қабылдау дағдыларын жетілдірді;
кәсіби тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз!
Барлық қатысушыларға белсенділігі, білімге деген ұмтылысы және кәсіби дамуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз.
Болашақта да білім мен тәжірибені ұштастыра отырып, мейіргерлік істің дамуына өз үлестеріңізді қоса беріңіздер!















