(KAZ) «ДЕНІ САУ БАЛА – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ»
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының бекітілген іс-шаралар жоспары аясында колледж студенттерінің қатысуымен жарқын флеш-моб ұйымдастырылды.
Флеш-моб барысында жастар «Әр баланың бал татыған балалық шағы болуға тиіс» деген ізгі ойды қолдап, балалардың бақытты өмір сүруге, сапалы білім алуға және дені сау болып өсуге құқығы бар екенін насихаттады.
Бұл шара өскелең ұрпақтың амандығы мен жарқын болашағына деген қамқорлықтың айқын көрінісі болды. Балалардың күлкісі мен қуанышы – қоғамымыздың ең үлкен байлығы!









