(KAZ) «Мен буллингке қарсымын» бейнеролик байқауы өтті
Колледждің «Емдеу ісі» мамандығының 1-курс 60 тобында «Мен буллингке қарсымын» тақырыбында бейнеролик байқауы ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – білім алушылар арасында буллингтің алдын алу, адам құқықтарын құрметтеуге тәрбиелеу, жастардың бойында мейірімділік пен өзара қолдау мәдениетін қалыптастыру.
Байқау барысында қатысушылар дайындаған бейнероликтерде буллингтің зияны, оның адам өміріне тигізетін кері әсері және алдын алу жолдары жан-жақты көрсетілді. Білім алушылар өз ойларын ортаға салып, достықтың, түсіністіктің және бір-біріне жанашырлық танытудың маңыздылығын атап өтті.
Шара аясында жастар буллингке қарсы ортақ ұстанымдарын білдіріп, кез келген келеңсіз әрекетке бейжай қарамауға, өзара құрмет пен адамгершілік қағидаларын сақтауға шақырды.
Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жас ұрпақтың бойында ізгі қасиеттерді дамытып, қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға және құқықтық мәдениетті нығайтуға ықпал етеді.










