(KAZ) Жаңа оқу жылы — жаңа тәртіп: 1-курс студенттері колледждің ішкі ережелерімен танысты
Ағымдағы жылдың 11 қыркүйек күндері Қызылорда жоғары медициналық колледжінде 1-курсқа қабылданған білім алушыларға арналған ауқымды ақпараттандыру сағаттары өтті. Салтанатты жиындар мен кездесулер сериясы жаңадан келген студенттердің оқу орнының тыныс-тіршілігіне тез бейімделуіне және құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталды.
Биылғы оқу жылында қара шаңырағымыздың табалдырығын 500-ге жуық 1-курс студенті аттады. Жаңадан қабылданған білім алушылардың 80-85%-ы кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер болғандықтан, оларға қолдау көрсету, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ішкі тәртіпті түсіндіру — колледж әкімшілігі үшін басты міндет.
Екі күнге созылған кездесу барысында колледждің тәрбие бөлімінің мамандары мен арнайы қызметкерлері студенттерге өз салалары бойынша кеңінен ақпарат беріп, ішкі тәртіп Ережелерін егжей-тегжейлі таныстырды:
• С.Т. Молдраймова (директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары) оқу орнының жалпы тәрбиелік бағыты мен мәдениетіне тоқталды.
• Г.Е. Балмаханова (тәрбие бөлімінің меңгерушісі) ішкі тәртіп ережелері мен студенттік міндеттерді түсіндірді.
• Г. Нұратова және А. Бохаева (колледж психологтары) студенттердің жаңа ортаға бейімделуі, эмоционалдық тұрақтылық пен психологиялық қолдау мүмкіндіктерін атап өтті.
• Н. Беріков (жастар ісі жөніндегі нұсқаушы) белсенді студенттік өмір, қоғамдық ұйымдар мен жастар бастамалары туралы сөз қозғады.
• А. Әлібаева (мейіргер) болашақ медицина мамандарының алғашқы кезектегі денсаулық сақтау ережелері мен санитарлық талаптарды сақтауы қажеттігін жеткізді.
Жиын барысында мемлекетіміздің «Заң және Тәртіп» қағидаты ерекше насихатталды. Тәрбиеші мамандар жастарды көшеде, қоғамдық орындарда және білім ордасының ішінде өзін мәдениетті ұстауға, құқық бұзушылық пен зиянды әдеттерден барынша сақтануға шақырды. Әрбір студенттің тәртібі оның болашақтағы білікті маман болып қалыптасуының негізі екені баса айтылды.
Жаңа оқу жылында бірінші курс студенттеріне сәттілік тілейміз! Тәртіпті жас — елдің тірегі!













