(KAZ) «Кітаппен сөйлейтін студент» — ұлттық құндылықтар алаңы
19 қыркүйек күні Қызылорда медициналық жоғары колледжінің кітапханасында жастардың кітап оқу мәдениетін арттыру мақсатында «Кітаппен сөйлейтін студент» шеберлік алаңы өтті.
Іс-шараға колледждің ҚБ-83 тобының 25 студенті, топ жетекшісі Махмут Қылышбек және кітапханашы Жанаева Феруза қатысты. Басқосуда Алаш арысы Міржақып Дулатовтың қазақ әдебиетіндегі тұңғыш романы — «Бақытсыз Жамал» шығармасы қызу талқыланды.
Кездесудің басты мақсаты:
• Жастар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру;
• Классикалық шығармаларды цифрлық кітапхана мүмкіндіктері арқылы насихаттау;
• Ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Талқылау барысында студенттер Жамалдың тағдыры, Жамантай мен Жұман байлардың бейнесі, қалыңмал дәстүрі және сол кезеңдегі қазақ қызының теңсіздігі жайлы ой қозғады. Әсіресе, «Жамал неге бақытсыз?» және «Бүгінгі Жамалдар бақытты ма?» деген сұрақтар төңірегінде ерекше пікірталас өрбіді. Цифрлық кітапхананың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, классикалық туындыны жаңа қырынан таныған студенттер өздерінің белсенділіктерін көрсетті.









