(KAZ) Қызылорда медициналық жоғары колледжінің Әдістемелік бөлім мамандары оқытушылар құрамы үшін маңызды кездесу ұйымдастырды.
Жиынның басты мақсаты — Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2026 жылғы 5 маусымдағы № 159-НҚ бұйрығымен бекітілген Педагогтерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі пилоттық жобаны түсіндіру.
Кездесу барысында колледж әдіскері А. Ә. Сейілханова пилоттық жоба аясында біліктілік санатын алуға үміткер оқытушыларға аттестаттаудан өтудің жаңа тәртібін егжей-тегжейлі баяндап берді. Атап айтқанда:
• Жаңа тәртіптің негізгі талаптары мен ерекшеліктері таныстырылды.
• Педагогтердің электронды немесе қағаз портфолиосын дұрыс қалыптастыру және ұсыну мәселелері талқыланды.
• Оқытушылардың қолданыстағы портфолиолары алдын ала қаралып, жинақталған материалдардың бекітілген талаптарға сәйкестігіне ерекше назар аударылды.
Түсіндіру жұмысының қорытындысы бойынша оқытушылар аттестаттау рәсімдеріне қатысты көкейде жүрген барлық сұрақтарына нақты жауап алып, портфолиоларын жүйелі әрі сапалы дайындау бойынша қажетті бағыт-бағдар алды.
Білім сапасын арттыру — ұстаздардың біліктілігін үздіксіз жетілдіруден басталады!










