(KAZ) «Қасымның жыры – жүректің үні» Қасым Аманжоловтың 115 жылдығы әдеби кеш
Қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, дауылпаз ақын, жалынды жырдың иесі Қасым Аманжоловтың туғанына 115 жыл толуына орай «Қасымның жыры – жүректің үні» атты әдеби кеш « Емдеу ісі» – 70 топпен ұйымдастырылды.
Әдеби кештің негізгі мақсаты – қазақ поэзиясының көрнекті тұлғасы Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, ақынның әдеби мұрасын жас ұрпаққа таныту, өлеңдері арқылы оқырмандардың бойында отансүйгіштік сезім мен ұлттық рухты қалыптастыру.
Кеш барысында ақынның өмір жолы мен шығармашылығы туралы мағлұмат беріліп, оның қазақ әдебиетіндегі орны мен поэзиясының ерекшеліктері таныстырылды. Сонымен қатар ақынның «Сұлтанмахмұт туралы баллада» — Шынар, Мансұр, Аружан, Нұрислам, Әсет, «Көкшетау» — Айзере, Мирас, Зере, Диас, «Құз» — Гүлсім, Несібелі, «Құпия қыз» — Нұрдаулет, Айсая, Айдын, Айзере, Патманұр, Ақнәзік, Аманат, Аяжан, Мадияр, Еңлікгүл, Мадияр шығармаларын жатқа оқып, өлеңдерінің мазмұны мен тәрбиелік мәні кеңінен насихатталды.
Шараға қатысушылар ақынның жалынды жырларынан рухани нәр алып, оның өшпес мұрасымен танысты. Әдеби кеш Қасым Аманжолов поэзиясының мәңгілік құндылығын дәріптеп, оқырмандарға ерекше әсер қалдырды.
Қорытынды: Қасым Аманжоловтың жырлары – ұлт рухының айнасы, жүрек үні мен еркіндіктің жарқын көрінісі. Ақын шығармалары ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, қазақ әдебиетінің алтын қорында мәңгі сақтала бермек.











