(KAZ) ТӘРБИЕ МЕН ДЕНСАУЛЫҚ – ҚЫЗ БАЛАНЫҢ БАСТЫ БАЙЛЫҒЫ
Бүгін, 6 қараша күні Қызылорда медициналық жоғары колледжінде «Мейіргер ісі» бөлімінің 1-2 курс студент қыздарымен аса маңызды әрі тағылымды кездесу өтті.
Жиын Облыстық Жастар денсаулығы орталығы мен Қызылорда облысының білім басқармасының 2026-2027 жылдарға арналған «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық бірлескен жоспары аясында ұйымдастырылды.
Бұл ауқымды жоспардың негізгі мақсаты — жастар арасында салауатты тамақтану дағдыларын қалыптастыру, ерте жүктілік пен суицидтің, зиянды әдеттер мен түрлі жарақаттардың алдын алу және тағам өнімдерінің қауіпсіздігін насихаттау.
Кездесуге Облыстық Жастар денсаулық орталығы директорының орынбасары Алтаева Арай Ғалымжанқызы арнайы қатысып, бойжеткендермен ашық әңгіме өрбітті. Студенттермен өткен басқосуда екі үлкен және өзекті тақырып талқыланды:
1️. «Қазақ қызы қандай болу керек?» – ұлттық тәрбие, қыз баланың қоғамдағы рөлі, әдеп пен инабаттылық мәселелері сөз болды.
2️. «Жыныстық жолмен берілетін аурудың алдын алу» – репродуктивті денсаулықты сақтау, сауаттылық таныту және аурулардың алдын алу жолдары туралы медициналық тұрғыдан маңызды кеңестер берілді.
Шараға колледждің медбикелері мен тәрбие бөлімінің мамандары да қатысып, болашақ медицина мамандарына пайдалы ақпараттар берді.
Қыз өсіріп, тәрбиелеу — ұлттың болашағын тәрбиелеу. Мұндай танымдық кездесулер болашақ мейіргерлердің құқықтық, медициналық және рухани сауаттылығын арттыруға септігін тигізері сөзсіз.











