(KAZ) Волонтерлік

Sorry, this entry is only available in KAZ and RUS.

Волонтерлік қызмет – қоғамға қызмет етудің жарқын үлгісі

Волонтерлік – бұл адамдардың өз еркімен, ақысыз негізде қоғамға пайдалы іс-шараларға қатысуы. Волонтерлер түрлі әлеуметтік, экологиялық, мәдени және білім беру бағыттарында жұмыс жасап, қоғамның дамуына өз үлесін қосады.

Волонтер болу – тек көмектесу ғана емес, сонымен қатар жаңа тәжірибе жинақтау, түрлі адамдармен танысу, көшбасшылық қабілеттерді дамыту мүмкіндігі. Бұл қызмет жастардың белсенділігін арттырып, жауапкершілік пен мейірімділік сияқты қасиеттерін қалыптастырады.

Волонтерлік бағыттары:

1.Ерте жүктіліктің алдын алу – жасөспірімдердің денсаулығын сақтау, олардың болашағына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру және әлеуметтік мәселелердің алдын алу мақсатындағы маңызды волонтерлік бағыттардың бірі. Бұл бағытта волонтерлер жастар арасында түсіндіру, ақпараттандыру және қолдау жұмыстарын жүргізеді.

Волонтерлік бағыттың мақсаты

  • Жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын алу;
  • Репродуктивті денсаулық туралы дұрыс ақпарат беру;
  • Салауатты өмір салтын насихаттау;
  • Жастардың жауапкершілік сезімін қалыптастыру;
  • Психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсету.

2.Пациенттерге күтімді ұйымдастыру – медициналық ұйымдарда науқастарға моральдық, әлеуметтік және тұрмыстық көмек көрсетуге бағытталған волонтерлік қызмет. Бұл бағыт мейірімділік, жанашырлық және адамгершілік құндылықтарды дамытуға ықпал етеді.

Волонтерлік бағыттың мақсаты

  • Пациенттерге қолдау көрсету және күтім жасауға көмектесу;
  • Медициналық мекемелердегі әлеуметтік көмекті күшейту;
  • Науқастардың психологиялық жағдайын жақсарту;
  • Медициналық мамандыққа қызығушылықты арттыру.

3. Ауыз қуысының дұрыс күтімі волонтерлік бағаты бойынша жұмыс барысында оқушыларға тісті дұрыс тазалау әдістері көрсетіледі. Әр балаға арнайы тіс модельдері беріліп, практикалық түрде тіс жуу техникасы үйретіледі. Бұл тәсіл балалардың қызығушылығын арттырып, білімді жақсы меңгеруіне ықпал етеді. Сонымен қатар, оқушыларға тіс пастасы мен тіс щеткасын дұрыс таңдау және қолдану ережелері түсіндіріледі. Қосымша ауыз қуысы күтіміне арналған құралдар (тіс жібі, шайғыш сұйықтықтар және т.б.) туралы ақпарат беріледі.

4. Транзиторлық ишемиялық шабуыл (ТИШ) – миға қан айналымының уақытша бұзылуы нәтижесінде пайда болатын қауіпті жағдай. Ол инсульттің алғашқы белгісі болуы мүмкін. Осыған байланысты халық арасында ТИШ туралы ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу – маңызды волонтерлік бағыттардың бірі.

Волонтерлік бағыттың мақсаты

  • Халыққа транзиторлық ишемиялық шабуылдың қауіптілігі туралы түсіндіру;
  • Инсульттің алдын алу мәдениетін қалыптастыру;
  • Ерте белгілерін тануға үйрету;
  • Салауатты өмір салтын насихаттау.

Волонтерлік қызметтің артықшылықтары:

  • Жаңа дағдылар мен тәжірибе
  • Командалық жұмыс қабілетін дамыту
  • Қоғамға пайдалы болу мүмкіндігі
  • Болашақ мансапқа оң әсер

Бүгінгі таңда волонтерлік – белсенді азаматтық ұстанымның белгісі. Әрбір адам қоғамға аз да болса үлес қоса алады. Сен де волонтер болып, игі істердің бір бөлігіне айнал!